Сұрақ: Құрбан айт қандай мейрам?
Жауап: Әрбір мейрамның шығу тарихы, хикаясы және сыры мен өз ерекшелігі бар. Құрбан айт – дін исламдағы ең ірі мейрамның бірі. Бұл мейрамды мұсылман әлемі болып тойлайды. Мейрамның маңыздылығы жайында Алланың елшісі (с.ғ.с.): «Алланың алдындағы ең ұлы күн – Құрбан айт күні, ал содан соң одан кейін келетін күн», – деп айтқан (Ахмад, Әбу Дәуд). Әдетте Құрбан айт Зуль-хиджа айының оныншы күні саналады.
Ислам тұнып тұрған құлшылық діні деп айтсақ болады. Ал енді Құрбан айт күнінде осы құлшылық аталуының ең үлкені – құрбандық шалу рәсімі орындалады.
Құрбандық шалу – Құрбан айт күні, күн шыққаннан кейін, айт намазы оқылып, одан соң Құдайға арнап, мал сою деген сөз. Бұл күні қажылыққа барған барлық мұсылмандар құрбандық шалып, ихрамнан шығады. Яғни құрбандықтың маңызы соншалық, қажылыққа барып, құрбандық шалмаған адам ихрамнан шыға алмайды.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ