Сұрақ: Құранның екі рет түскені рас па?
Жауап: Құранның жер бетіне Рамазан айында түсе басталғаны мәлім. Ал енді оның екі мәрте түскені туралы хабарды кейбір тәпсір ғалымдары «Қадір» сүресіндегі: «Негізінен Құранды Қадір түнінде түсірдік» аятына қатысты түсіндірген.
Олардың кейбірі «Бұл жерде Құран Алланың құзырынан толықтай жеті қат көкке түсірілді. Кейін ол жерден жиырма үш жыл бойына жер бетіне оқиғаларға байланысты үзіліп келіп отырды» деген ойды айтады. Осылайша Құран екі мәрте түсірілді деген пікір бар.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ