Сұрақ: Құранның ауруға шипа екені рас па?
Жауап: Құран – мұсылман қауымына түскен киелі кітап болғандықтан ондағы аяттар да қасиетті аяттар. Дұрыс әрі орынды оқи білген адам үшін шипа болмақ:
«Егер ауырсам Ол (Раббым) маған шипа береді» (Шұғара: 80)
Әдетте дертке шалдыққан адам жан сауғалап, бармайтын дәрігері мен емшісі қалмайды. Құдайға мінажат етіп, дертіне дауа тауып беруін сұрайды. Себебі дертті берген Құдай оның шпасын да береді деп сенеді. Жоғарыдағы аят осыны көрсетеді
Құранның шипа екеніне қатысты мынадай да аят бар: «Құраннан иман келтіргендер үшін шипа әрі мейірім түсіреміз» (Исра: 82).
Егер аятқа назар салсақ, онда Құранның кейбір бөлігі емес, тұтастай шипа екені аңғарылады. Дерт дегеніміз тек анатомиялық болмайды. Рухани дерт анатомиялық дерттен қауыпты. Жүрек дерті адаммен ғұмыр бойына қалу қауіпі бар. Ол сіздің тұлғалық болмысынызды, ішкі дүниеңізді ұсқынсыз етеді. Оны анатомиялық немесе физиологиялық әдіспен емдеу мүмкін емес. Ал Құран осы – жүректегі тәкаппарлық, надандық, қырсықтық. арамдық, залымдық, өтірік айту, айлакерлік сияқты т.б. көптеген сұмпайы дерттердің емі.
Сонымен қатар Құран адамнын анатомиылық дерттеріне де шипа. Мысалы, Әбу Сағид мынадай риуаят келтіреді: «Бірде пайғамбардың (с.ғ.с.) сахабалары жолға шығады. Олар жолда араб тайпаларының біріне тоқтап, қонақ ретінде тқнеп шықпақшы болады. Бірақ әлгі тайпа бұларды қонақ етіп күтуден бас тартады. Сөйтіп тұрғанда осы тайпаның көсемін бір шаян шағып алады. Туыстары қанша тырысса да оның емін таба алмайды. Сонда олардың біреуі:
– Ел шетіне түскен әлгі жолаушы топқа барайық. Бәлкім солардан бір ем табылып қалар – дейді. Сөйтіп, бұларға келіп:
– Әй, жолаушы топ! Біздің көсемімізді бірдеңе шағып алды. Қанша тырыссақ та оның емін таппадық. Сендердің араларыңда оған ем болатын нәрсе бар ма? – деп сұрайды. Жолаушылардың біреуі:
– Уаллаһи, мен дұға оқи аламын. Бірақ сендер бізді құдайы қонақ етуден бас тарттыңдар. Сондықтан маған бір сый бермесеңдер емдемеймін – деп шарт қояды. Олар бұған бір қора қой беруге келіседі. Әлгі сахаба науқас көсемге барып «Әлхамды» (Фатиха сүресін) оқып, дем салады. Солақ екен, науқас байлаудан шешілгендей орнынан тұрып, жүріп кетеді» (Бұһари).
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ