Сұрақ: «Құран» мен «Кітаптың» айырмасы бар ма?
Жауап: Алланың кітабын «Құран» деген уақытта біз оның үнемі оқылуын және оны ауыз арқылы айтып сақтауды меңзейміз. «Құранды» кейбір кезде «Кітап» деп те атайды. «Кітап» дегеніміз – аят-сүрелердің қағаз бетіне қаламмен жазылып сақталуы.
«Құран» мен «Кітап» сөздерінің мағыналары бір болғанымен мазмұны жағынан бөлек. Мысалы, «Құран» Алланың сөзін тілмен оқып, жаттап, жүректе сақтау міндетін жүктесе, «Кітап» атауы оны жазу арқылы сақтау дегенді білдіреді. Сондықтан, Құранды бастан-аяқ жаттаған кісінің (қаридің) оқыған Құраны, қағаз бетіне түскен Құранның жазбаша нұсқасымен сәйкес келуі шарт.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ