Сұрақ: Құран аяттары дертке шипа бола ала ма?
Жауап: Құранның әрбірі аяты Құран болып есептелетіні сияқты аяттың барлығы да шипа болып саналады. Бұған Алланың мына аяты дәлел болмақ: «Құраннан иман келтіргендер үшін шипа әрі мейірім түсіреміз» (Исра: 82).
Ислам тарихында Құранның кейбір бөлігі ғана емес, тұтастай шипа екеніне куә болатын оқиғалар жетіп артылады. Мысалы, Алла Тағаланың Әбу Ауф әл-Ашжағи есімді тақуа құлдарының бірі науқастанып қалады. Адамдар одан: «Сені емдейік пе?» – деп сұрайды. Сонда Әбу Ауф әл-Ашжағи: «Маған су алып келіңдер. Расында Алла: «Аспаннан берекетті жауын жаудырдық» – деп айтқан дейді (Қаф: 9). Қасындағылар су алып келеді. Мұнан соң:
– Енді маған бал алып келіңдер. Алла Тағала: «Араның қарындарынан түлі-түсті бал шығады. Онда адам баласы үшін шипа бар» – деп айтқан дейді (Нахыл: 69). Адамдар барып бал алып келеді. Әбу Ауф әл-Ашжағи:
– Енді маған зәйтүн майын беріңдер. Бұл хаққында Алла Тағала: «Шығыста болмаған берекетті зәйтүн майымен тамызылады», – деп айтқан дейді (Нұр: 35).
Осы нәрселердің барлығы Әбу Ауф әл-Ашжағидың жанына қойылады. Ол бұлардың барлығын бір ыдысқа араластырып, кейін Алланың шипасы болсын деп ішеді. Осылай Әбу Ауф әл-Ашжағи дертінен айққан екен.
Дегенмен, пайғамбардың [с.ғ.с.] сүннетіне сәйкес кейбір жағдайларда [сиқыр, назарлану және т.б.] оқылуы абзал болған арнайы сүрелер де болады.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ