Расулалла (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) біреудің қолынан алтын сақинаны шешіп жерге тастады да: «Сендердің қолдарыңа тозақтың шоғын тағып жүргендерің қайран қалдырады», – деді.
Кейін Расулалла (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) кеткесін адамдар: «Жүзігіңді ал, жоғалып кетпесін», – деді. Сонда әлгі адам: «Хақ Тағаламен ант етемін! Мен оны ешқашан алмаймын. Оны Расулалла (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) лақтырып жіберді», – деді».
(Имам Мүслім)