Абдулла ибн Ғамр (родиял-лаһу ғанһу) айтады:

«Мен Нәбидің (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) былай дегенін естідім: «Кімнің бойында мына екі қасиет болса, Хақ Тағала оны шүкір етуші және сабырлы деп жазады.

Ал бойында бұл екі қасиет болмағанды Алла Тағала шүкір етуші және сабырлы деп жазбайды.

Дін ісінде өзінен жоғары тұрғанға қарап, оған бойсұнса және дүниесі жағынан жағдайы өзінен төменге қарап, Алла Тағаланың өзіне берген несібесіне шүкіршілік еткенді Жаратушы Ие шүкіршілік етуші және сабырлы деп жазады.

Дін ісінде өзінен төмен болғанға, ал дүние мәселесінде жағдайы өзінен жоғары тұрғанға қарап, өзіне нәсіп болмаған нәрсе үшін қайғырғанды Алла Тағала шүкіршілік етуші және сабырлы деп жазбайды».

(Имам Тирмизи)

@hadis_sharip парақшасына жазылыңыздар!

Пікір жазу