Дін – қоғамдық құбылыс, ал қоғам – мемлекеттің негізі. Конфессияаралық келісімді нығайту, дінаралық толеранттылықты дамыту – Қазақстанның ішкі және сыртқы саяси тұрақтылықтарды қамтамасыз етудегі басты бағыттардың бірі. Бірлікті сақтау, өзге дін, ұлт өкілдеріне құрмет көрсету баршамызға – ортақ міндет.