Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Діни басқарма ұжымын қасиетті Рамазан айының келуімен құттықтап, ізгі ниетін білдірді.
«Рамазан айында дін қызметкерлері белсенді болуы керек. Өйткені, бұл айда халқымыз сауапты амалдарды орындауға тырысады. Сіздерді исі мұсылман баласы асыға күтетін қасиетті Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын. Осы айда Алла Тағала баршамызға лайықты құлшылық жасап, лайықты қызмет етуді нәсіп еткей. Отбасыларыңызға бақ пен береке, деніңізге саулық, игі істеріңізге береке тілеймін» деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.
Кездесуден кейін ҚМДБ Төрағасы Діни басқарманың Орталық аппарат қызметкерлеріне Рамазан айындағы іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге қатысты нақты тапсырмалар берді.