ҚМДБ Шымкент қаласы өкілдігі және шаһар әкімдігінің ұйытқы болуымен дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, наиб имам Мұхамеджан Естеміров, іс басқарушысы Азамат Әбдікерімұлы бастаған дін қызметкерлері және Абай, әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандық мешітінің имамдары қатысып, ізгі іс жасады.
Жалпы, қайырымдылық шарасы аясында жағдайы төмен, көпбалалы отбасында тұратын, яғни 1000 оқушыға (дәптерлер, қалам, сызғыш, церкуль, бояу, түрлі түсті қалам, түрлі түсті журнал, суретдәптер, қалам ұштағыш, желім т.б.) үлестірілді.
Акция тамыз айының соңына дейін барлық аудандық мешіттер жалғасады.