Кейінгі жылдары солтүстік өңірдегі өндіруші мекемелер, кәсіпорындар және дәмханалар халал өнім шығаруға мән беріп келеді.
Астықты аймақ Қостанай облысында «ҚМДБ Халал» сертификатын алушылар қатары арта түсті. Өңірдегі «Халал даму» бөліміне жетекшілік ететін Әлішер Ертайұлы қаншама игі істерге ұйытқы болып, жұмысты барынша жандандыра түсуде.
Атап айтар болсақ, жуырда облыстағы «Хан сарай» дәмханасы, «Agro trade 10» асханасы халал сертификатына ие болды. Сондай-ақ «Ару ана 2010» диірмені, «Север ет» қасапханасы сертификатын жаңартты. Тағы бір тәжірибелі қасапшы осындай маңызды құжатқа ие болды.
Әлішер Ертайұлы осы ұжымдарға сертификаттарды табыс етіп, халық игілігі жолындағы қызметіне толағай табыс тіледі.