Бүгінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен оған қарасты мешіттерде 7 мыңнан астам маман еңбек етіп жатыр. Бұл мекеме – қазақ қоғамында дұрыс дінді ұстануға бағыт беретін бағдаршам, жарық шашатын шамшырақ. Елдің басты байлығы – бірлік. Дінаралық алауыздық болмауы үшін барша мұсылман мүфтият ұстанатын жолмен жүріп, құлшылық қылуы керек.