2023 жылы Сауд Арабиясы Қажылық және ұмра министрлігі Қазақстанға 4000 қажылық орындарын бөлді.
Қажылық маусымында қажыларымызға қолайлы жағдай жасау және қажылықпен айналысуға үміткер туроператорлар арасында бәсекелестікке қол жеткізу мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қажылық орындарын бөлу үшін ашық жариялаған конкурс бойынша 11-31 қаңтар аралығында туроператорлардан құжаттар қабылдады.
Қажылық орындарын бөлу үшін қоғам және дін қайраткерлері мен қажылық саласына қатысы жоқ діни қызметкерлерден құралған арнайы комиссия мүшелерін ҚМДБ Төрағасы бекітті. Туроператорларға қажылық орындарын бөлуде ашықтықты қамтамасыз ету үшін «Үміткер туроператорларға қажылық орындарын бөлу» туралы ҚМДБ ережесі негізге алынды.
Конкурсқа 20 туроператор құжат өткізді. Оның ішінде қажылық орындарын бөлу конкурсына қатысудың басты талаптарына негізделген құжаттары сәйкес 18 туроператор конкурсқа қатысты. Қалған 2 (Safar Like Travel және Zam-Zam Company) туроператордың халықаралық талаптарға сәйкес ІАТА (International Air Transport Association) сертификатының болмауы себебінен конкурсқа жіберілмеді.
Туроператорлардан келген өтініштер мен талап етілген құжаттар ортаға салынып, әрқайсысы мұқият қаралды. Комиссия мүшелері жоғарыдағы ережеге сүйене отырып қажылық орындарын туроператорларға төмендегі кестеде көрсетілгендей бөлді.
«Қажылық-2023» маусымына туроператорларға бөлінген қажылық орындардың кестесі
№ | Туроператор атаулары | Бөлінген квота саны |
1. | «Хикмет Тревел» ЖШС | 350 |
2. | «Атлас Туризм» ЖШС | 340 |
3. | «Tawaf Travel» ЖШС | 330 |
4. | «Mina travel» ЖШС | 260 |
5. | «Sanabl kz» ЖШС | 250 |
6. | «Қызмет Саяхат» ЖШС | 225 |
7. | «Qazaq Travel» ЖШС | 225 |
8. | «Хидаят-Нур» ЖШС | 225 |
9. | «Nurkhan travel» ЖШС | 225 |
10. | «Ордабасы-НЖ» ЖШС | 225 |
11. | «Сембекова» ТС | 225 |
12. | «Ал-Маруа» ЖШС | 180 |
13. | «Delta Tour» ЖШС | 180 |
14. | «Robinzon KZ» ЖШС | 180 |
15. | «Нұр-Қазақстан»ЖШС | 180 |
16. | «Иман Travel Тур» ЖШС | 140 |
17. | «Dostik travel» ЖШС | 130 |
18. | «Qazaq Sapar» ЖШС | 130 |