Қажылық маусымының басталуына орай Меккедегі Харам мешіті аумағындағы сөрелерге Қасиетті Құранның жаңа 80 000 данасы қойылды.
Мешіт президенті жанындағы Қасиетті Құран басқармасының басшысы Фахд әл-Забиянидің айтуынша, қасиетті мешіт аумағында 2300 сөре орналасқан. Қажылыққа келіп жатқан мұсылмандар қалаған жерінен Құранды алып, оқи алады. Сондай-ақ зағип қажылар үшін Брайль қарпімен жазылған Құран кітаптары да бар.