Дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі 2021 – 2023 жылдарға арналған кешенді жоспарды іске асыру мақсатында Ақмола облысының ДІБ «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ ұйымдастыруымен ҚАЖД мекемесінің теолог және психологтарының, экстремизмге қарсы күрес желісі бойынша функционалдық бекітілген жедел уәкіл және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында оқыту семинарын өткізді.
Оқыту семинарының тақырыбы: «Түзеу мекемелерінде діни оңалтудың тиімді тетіктерін қалыптастыру». Шақырылған сарапшы ретінде дін мәселелері бойынша РАТТ тобының мүшесі, «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС теолог маманы, исламтанушы Тойғылы Дінмұхаммәд Әбубәкірұлы қатысты.
Семинарда деструктивті діни ағымдард жақтаушыларын оңалту, алдын алу және психологиялық жұмыстарының нысанын және әдісін жетілдірудің өзекті мәселелері талқыланды, сонымен қатар осы жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар берілді.
Іс-шара барысында жұмыста қолдануға арналған оқу құралдары мен брошюралар таратылып, арнайы сертификаттар табысталды.