Сенбі, 23 Қыркүйек, 2023
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақстан – бітімге шақырар бейбітшіл ел

09.08.2021
- Мемлекет және дін
0
265
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан басым бағыттарды айқындап алғаны дұрыс болды. Ата заңымызда «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп жазылған. Біздің мемлекет әу бастан орта жолды таңдады. Орта жолдың жөн-жоралғысы мен жаңа заңдылықтарын зайырлылық нормалары реттеп отырды. Конституцияда құқықтық мемлекет делінуінің да сыры осында.

Егемендіктің елең-алаңында бірқатар ел саяси қаскөйлік пен діни алауыздық тұманында қалып қойып еді. Ал әлемдік саяси сахнада дербес жолға түсіп, қым-қуыт дүрмекке ілеспей қаз тұрып кеткен Қазақстанның жұлдызы жарқырай түсті. Бейбітшілік бесігіне айналған ұлы дала жаһандағы діни конфессиялар мен орталық өкілдерінің қауіпсіз бас қосып отыратын орнына айналды.

Қазақстанды ту сыртынан тіс қайрап, ту-талақай қылып іштен іріткісі келетін күштер жоқ емес. Бірақ елімізде заң үстемдігі орнықты саясат жүргізуге негіз болуда. Түрлі дін, көзқарас, этнос ортақ мүддеге қызмет етіп отырғанын елеулі жетістік ретінде айтып келеміз. Конституция күші азаматтардың бас бостандығы мен дербес құқығына зор кепілдік береді.

Орта Азия экстремизм мен терроризм ұяшықтарын дер уақытында әшкерелеп, лаңкестерге дереу соққы бере алатынын Қазақстан сан мәрте дәлелдеді. Жаңа ғасыр табалдырығынан аттай бере, бүлік шығарғысы келгендердің қаскөй қарекетіне уақтылы тосқауыл қойылды. Дін саласындағы заң аспектілері сарапшылар сүзгісінен өтіп, бұл бағытта жетілдірілген бірнеше заң баптары күшіне енді.

Қазақстанда діни конфессиялар мен орталықтардың жұмысын үйлестіруді мемлекет көз қырынан таса қылған емес. Зайырлылық ұстанымы бойынша халықтың дүниетанымы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпына сәйкес мәзһабтық ислам мен провславтық христандықтың ежелден қайнар көзі бары екені ескеріле отырып, осы екі теологиялық тұтастыққа сәл басымдық берілгенімен, байырғы тұрғындармен бірге біте қайнасып жатқан барлық нәсіл, барлық сенім иелерінің құқықтары бірдей қорғалуда.

Қазақстандағы маңызды жиындарда басына сәлде ораған молда мен мойнына айқыш ілген епископтың қатар отырғанын көресіз. Славян өкілдері мұсылмандарды «айттап» құттықтаса, Құранға сенушілер «Пасха» мерекесінде қабақ шытпайды. Сан алуан діни ағым, сан алуан саяси көзқарас біртұтас қоғам ішіне сыйып отыр. Қазақстан ізеттілік пен ізгіліктің, тұрақтылық пен татулықтың, ұлылық пен ұлағаттылықтың ордасына айналды.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығындағы бел-белестерінде мемлекет көптеген сын-қатерге төтеп берді. Еңсе тіктеді. Ірге қымтады. Ел ішіндегі тыныштық пен тұрақтылықты сақтау – ұлы миссия саналады. Қазіргі кезеңде Қазақстан кикілжіңге барған тараптарды татуластырып, қабақ түйіп, қару кезеп отырғандарды сабырға шақыратын нағыз бітімгерге айналды. Әлбетте, Сарыарқа төріне қас пен досты тоғыстырып,  тоқсан тарапқа салиқалы уәж айтатын елдің «сырты бүтін, іші түтін болмақ» емес.

Тоқаев: Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің елеулі рөлін мақтан тұтамын

Тоқаев: Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің елеулі рөлін мақтан тұтамын

20.09.2023
Как принять Ислам и стать мусульманином?

Дін – дүрліктіруші емес, біріктіруші

18.09.2023

Кәрі құрлықтың ой мен қырында діни алауыздық кесірінен лаңкестік ошағының түтіні будақ-будақ шыққан сайын кең құлаш сермей алмай, ішқұса болып отырған қаншама ел бар? Қазақстанда заң бар, зайырлылық бар, дәстүр дәнегі, адамгершілік ұстанымы бар. Бірақ лаңкестік қарекетке, деструктивті ағымға, радикалды идеологияға жол жоқ.

Дін мен саясаттың, діни канондар мен заң нормаларының арасына шекара қойылған. Бірақ азаматтық құқықты қорғау аса мәртебелі іс болып саналады. Құдайға сену мен оны тәрк етудің, түпсіз тұңғиыққа бас ұру мен секталық сорапқа түсудің аражігін ажыратуда зайырлылық ұстанымдары ғана көмекке келеді. Егемендік ұстанымын Конституция мен өзге де ереже-заңдар нығайтты. Зайырлы Қазақстан заман беталысын ерте ұғынып келеді. Қасиет пен қасіретті тең көрген отыз жылдықта ғылым-білімді дамытуға ден қойды. Халық үшін рухани бұлақтарға жөн сілтейтін мекеме-орталықтар тынымсыз қызмет етіп келеді.

Қазақстандағы теолог мамандар дін мен догма, сенім мен саясат, діндарлық пен дүбаралық ұғымдарын жіліктеп түсіндіре алады. Дамыған елдер зайырлылық талаптары қоғам үшін нақты жеміс беретінін әлдеқайда дәлелдеген. Адам құқын қорғау, барлық діни иланымға құрметпен қарау, мемлекет дамуына үлес қосу  сынды ізгілік шарттары құдайлық танымнан бастау алады. Әлем ежелден қоғамдық сананы жаңғыртудың мыңдаған жолдарын қарастырып келеді.

Ежелден өркениет және мәдениет ошағы болған қазақ топырағында рухани түлеудің мығым алғышарты қалыптасып келеді. Бұл үдеріс Тәуелсіздікті нығайтуға, зайырлылық қағидасының орнықтылығына, діни институттардың мәмілелі болуына, ұлттық бірегейлікті сақтауға әсер етері анық. Сондықтан татулық пен тұрақтылық тірегіне айналған мемлекеттің шекарасы мығым боларына сенімдіміз.

                                                                                 М.Маханбетов,
                                                                                   МО Дін істері басқармасының
                                                                                   басшысы

Тегтер: басты тақырыпдінзайырлылықзайырлылық қағидаларыКонституция
Бөлісу6Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Саудияға барған еуропалық футболшылар исламды қабылдауда
Жаңалықтар

Саудияға барған еуропалық футболшылар исламды қабылдауда

22.09.2023
Тоқаев: Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің елеулі рөлін мақтан тұтамын
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі

Тоқаев: Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің елеулі рөлін мақтан тұтамын

20.09.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Kazislam.kz: шілде айында қанша материал жарық көрді?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    1493 рет бөліскен
    Бөлісу 597 Твитерге 373
  • Исламның 5 парызы – Ибраһимнің (а.с.) 5 қазынасы

    7508 рет бөліскен
    Бөлісу 3003 Твитерге 1877
  • «Хикмет» cөзінің мағынасы қандай?

    795 рет бөліскен
    Бөлісу 318 Твитерге 199
  • Дұрыс дұға жасау әдебі

    4960 рет бөліскен
    Бөлісу 1982 Твитерге 1239
  • Духа намазы қалай оқылады?

    2157 рет бөліскен
    Бөлісу 862 Твитерге 539

Соңғы жарияланымдар

Шымкентте жаңа мешіт ашылды

22.09.2023
0
Шымкентте жаңа мешіт ашылды

Толығырақ оқу

Иран парламенті хиджаб кимегендерді жұмыстан қууы мүмкін

22.09.2023
0
Иранда әйелдер футбол стадионына баруға рұқсат алды

Толығырақ оқу

Алматы облысында «Үлкенге құрмет – кішіге ізет» тақырыбында семинар өтті

22.09.2023
0
Алматы облысында «Үлкенге құрмет – кішіге ізет» тақырыбында семинар өтті

Толығырақ оқу
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

 

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Сауалнама
    • Кітапхана
  • Жоба туралы
  • ҚАЗ
    • ҚАЗ
    • РУС

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіге кіріңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы аты немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00