Қазақ халқының өзіндік ділі, тамыры терең құндылықтары, сүйенер, қуат алар бай рухани мұрасы бар. Дәстүрлі қазақ мәдениетінің Ислам дінімен біте қайнасып жатқандығын мамандар көп жылдар бойы дәлелдеп келеді. Оған мысал, ел аузындағы мақал-мәтелдер, сөз оралымдары мен өлең шумақтарының бастауын діннен алатындығы.