Надан адамның үш белгісі: тындап алмай, жауап береді. Түсініп алмай, қарсы шығады. Білмейтін нәрсесіне үкім айтады.
Даналар сөзі бүгінгі деструктивті діни ағым өкілдерін дөп суреттейді. Радикалды идеологияны қабылдаған Түркістан облысының тумасы да псевдоуағызшыларды пір тұтты. 2013 жылы лаңкестердің көсеміне сеніп, отбасымен елден кетті. Содырлар ордасын “жұмаққа жетудің жолы” деп білген отағасы сол бүлікшілер қолынан мерт болды. Ал отбасы елге оралды. Қазір ұлттық құндылықтарды қабылдап, адасқандарын мойындап отыр.