Сауд Арабиясына ресми сапармен барған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мекке қаласында ұмра тауабын жасады. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының жанында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы да болды. Президент бастаған Қазақстан азаматтарына қасиетті Қағбаның ішіне кіріп, екі рәкағат намаз оқуға рұқсат берілді. Сауд Арабиясы басшылары Қағбаның есігін ерекше жағдайларда және аса сыйлы қонақтарға ғана ашатыны белгілі. Демек бұл – Сауд Арабиясы басшылығының Қазақстан Президентіне көрсеткен зор құрметі.
Алла Тағала ел Президентінің ұмра құлшылығы мен ел үшін жасаған дұға-тілегін қабыл етсін!
Президенттің Қағбаға кірген видеосын мына сілтемеден көре аласыздар:
(29) Қасым-Жомарт Тоқаев умра қажылығын өтеді – YouTube