Мемлекет басшысы бүгін “Egemen Qazaqstan” газетінде жарияланған “Тәуелсіздік бәрінен қымбат” атты мақаласында соңғы күндері дау-дамайға айналып кеткен жер мәселесінен кеңінен тоқталды.
“Бабалардан мұра болған қасиетті жеріміз – ең басты байлығымыз. Қазаққа осынау ұлан-ғайыр аумақты сырттан ешкім сыйға тартқан жоқ.
Бүгінгі тарихымыз 1991 жылмен немесе 1936 жылмен өлшенбейді. Халқымыз Қазақ хандығы кезінде де, одан арғы Алтын Орда, Түрік қағанаты, Ғұн, Сақ дәуірінде де осы жерде өмір сүрген, өсіп-өнген.
Қысқаша айтқанда, ұлттық тарихымыздың терең тамырлары көне заманның өзегінде жатыр.
Жалпы, тарихпен саясаткерлер емес, тарихшылар айналысуы керек”, – деді Президент.
Сонымен қатар, ол Қазақстан өзінің көршілерімен арадағы шекараларын шегендегенін, енді ол талқылауға жатпайтынын да тілге тиек етті.