Бүгін «Хабар» телеарнасынан «Қасіретті қаңтар. Мародерлар» жаңа деректі фильмі көрерменге жол тартады.
Жоба Қазақстандағы қаңтар оқиғасы туралы фильмдер циклінің жалғасы болып табылады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Хабар» Агенттігі «Қасіретті қаңтар. Оқиға қалай өрбіді» фильмін көрсеткен болатын. Жаңа жылдан кейін елімізде орын алған жағдайды суреттейтін туындының сюжеттік желісі қаңтар оқиғаларының толық хронологиясына негізделді.
«Қасіретті қаңтар. Мародерлар» атты екінші фильмде көрермен назарына жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан азаматтардың эксклюзивті сұхбаттары ұсынылады. Фильм мародерлар туралы жаңа фактілерді ашып, олардың өзіндік пікірлерін ашып көрсетеді.