Деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерді оңалту – уақыт пен үздіксіз жұмысты талап етеді. Адасқан азаматтың шырмаудан шығатын жолды табуына ықпал етіп, көмектесу – қолданыстағы заңның басым бағыттарының бірі. Қарағандылық теологтар теріс пиғылды ағымдардың құрбандарын оңалту процесінде жеке кездесуден гөрі, топтық іс-шаралардың тиімділігі жоғары деген пікірде.