Бүгін Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Бәкіров Қарағанды облысының Дін істері басқармасы мен «Конфессияаралық қатынастар проблемаларын зерттеу және талдау орталығы» КММ басшылығымен және қызметкерлерімен 2020 жылы жүргізілген жұмыстардың нәтижелері мен 2021 жылға арналған жоспарлары бойынша онлайн кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының дін саласындағы 2021-2023 жылдарға арналған Кешенді жоспарының негізгі бағыттары талқыланды.

Сондай-ақ, Б. Бәкіров Қарағанды облысының Дін істері басқармасының дін саласындағы қызметтің үш негізгі бағытын: ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, интернет-кеңістікте діни экстремизмнің алдын алу және оңалту жұмыстары бойынша қол жеткізген бірқатар оң нәтижелерін атап өтті.

Төраға орынбасары халық арасында зайырлылық қағидаттарын ілгерілетуге және дін саласындағы конфессияаралық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз етуге ерекше назар аударды.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Олимпиада тарихындағы тұңғыш хижаб киген төреші

Сонымен қатар, Комитет қызметкерлері дінтану сараптамасын жүргізуге, оңалту жұмыстарына және ҚМДБ филиалымен өзара іс-қимыл жасауға байланысты бірқатар өзекті мәселелерге жауап беріп, дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жетілдіру бойынша пікір алмасты.

Пікір жазу