ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Семей қалалық «Абай Құнанбайұлы» атындағы орталық мешітінде «QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығының өкілдігі ашылды.
Орталықтың ашылу рәсіміне Семей өңірінің бас имамы Асқар Әбітайұлы және қала, аудан имамдары қатысты. Осыған орайбас имам жиналған имамдарға «QAMQOR-SHARAPAT» орталығының жерлеу рәсімдерінде ысырап пен бәсекеге жол бермеу және жалпыға ортақ мәдениет қалыптастыру мақсатында қолға алынған жоба екенін және қабір басындағы бәсеке ретінде мазар салып жарысуды тоқтатып, ысырапқа жол бермеу үшін зиратты бірізділікке келтіру, жерлеу рәсімдері шариғат нормаларына және ата-баба дәстүріне сай болуымен бірге, өркениет көшінен де артта қалмауы керек екені туралы кеңінен түсіндіріп, ҚМДБ-ның осы бағытта атқарып жатқан іс-қызметтеріне тоқталып, имамдар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.