Рамазан айы Марокко үшін жыл сайын қайырымдылық көмек көрсету мен жарлы-жақыбайларға қамқорлық жасаудың еселеп артатын мезгілі. Азық-түлік себеттерін, киім-кешек, тағам үлестіру және көпшілік ауызашарлар өткізу әдетте жаппай ұйымдастырылатын. Биыл да көптеген бастамалар қолға алынғанымен, қайырымдылық ұйымдары тұрғындар тарапынан жәрдем беру көрсеткішінің күрт төмендеп кеткенін айтып жатыр.
“Біз халық тарапынан берілетін садақалардың қатты азайып кеткенін байқап отырмыз. Әрине, марокколықтар қайырымдылық қасиеттерін байқатуда, бірақ бұрынғыдай деңгейде емес. Бұған COVID-19, оның экономикалық кесірі мен бағаның өсуі өз әсерін тигізсе керек. Ал қиын жағдайда өмір сүріп жатқан және жұмысынан айырылған адамдар тарапынан өтініштер керісінше артуда”, – дейді қайырымдылық ұйымының белсендісі Ахмед Гайет.
Оның Marocains Pluriels атты ұйымы Рамазанда Касабланка, Уджда, Пабат, Мохаммедия, Фес, Марракеш, Эс-Сувейра және Агадир қалаларында азық-түлік себеттерін тарату бағдарламасын іске қосқан.
Олар бүгінге дейін мұқтаж отбасыларға 1,5 млрд дирхам көлемінде азық-түлік түрінде қолдау көрсетті.
Ал біздің елімізде жағдай қандай? Қалталылар қайырымдылық қасиетінен айырылмады ма?..