ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният еліміздегі коронавирус ахуалы туралы пікір білдірді.
“Елімізде эпидемиологиялық жағдайқанағаттанарлық деңгейде. Сонда да адамдар көп жиналатын жерлерде маска тағуға кеңес береміз.
ҚазірҚытайда «омикронмен» науқастану көлемі артып жатқанын білесіздер. Бірқатар Еуропа елдерінде сырқаттану деңгейі өсіп отыр. Сондықтан елдегі жағдай тұрақты болғанына қарамастан, шекара маңайында шектеулер сол күйінде қалып отыр. ПТР-тест қорытындысынсыз, вакцинация паспортынсыз тек өз азаматтарымыз ғана емес, шетелдіктер де ел аумағына кіре алмайды”, – деп мәлімдеді министр.