KAZISLAM – Қызылорда облысының орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде «Діни дерадикализация тәжірибесіндегі тиімді тәсілдер» тақырыбында кездесу өтті.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен шараға PhD доктор, доцент, Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры Қайрат Құрманбаев арнайы қатысты.

PhD доктор Қайрат Құрманбаев қызылордалық имамдармен бірге деструктивті діни ағым өкілдерімен жұмыс жүргізу барысында мән берілуі тиіс мәселелерді және дерадикалдандыру тәжірибесінің тиімді тәсілдері мен экстрамизмнің психологиялық себептерін талқылап, тұжырымды ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды.

Пікір жазу