Әбу Бәкір Сыддық (р.а.) бірде құлының табысына келген сүтті ішеді. Сосын құлынан сүттің қайдан келгенін сұрайды. Құлы «Ертеректе бір кісілерге бал ашып бергенмін. Солардың бергені ғой» дейді.
Мұны естіген Әбу Бәкір (р.а.) саусағын аузына тығып, құса бастайды. Жаны да шығып кетердей құсады.
Сосын: «Уа, Раббым! Тамырларыма сіңген және ішектерімде араласып кеткендері үшін сенен кешірім сұраймын» дейді.
Бір риуаяттарда Әбу Бәкірдің (р.а.) бұл ісі пайғамбардың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) құлағына жетеді.
Сонда Алла Елшісі: «Сыддықтың қарнына тек адал, таза нәрселер ғана түсетінін білмеуші ме едіңдер?!» дейді.
Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ