Сұрақ: Қадір түнінің қандай артықшылықтары бар?
Жауап: Ислам догмасына сәйкес болмыстағы әрбір жаратылыстың өзіне тән ерекшілігі бар болғандай, құлшылықтың да өз қасиеттері бар. Қадір түнінің келесідей ерекшеліктерін атап өтуге болады.
Біріншіден бұл түні Құран түскен; екіншіден бұл түнде Құранда айтылғандай періштелер қар сияқты жауады; үшіншіден періштелерді бастап Жәбірейіл періштенің өзі түседі; төртіншіден, дұғалар қабыл болатын түн; бесіншіден, таң рауаны атқанша саулық пен саламат орнайтын түн; алтыншы, жасалған құлшылық мың айға еселене түсетін түн. Кейбір риуаяттарда жасалған құлшылық мың еселене түсетін түн екені айтылады; Жетіншісі, Анас ибн Мәликтің риуаяты бойынша Қадір түні тек Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың үмбетіне берілген. Сегізінші, амал дәптері көтеріліп, тағдар жазылатын түн және т.б.
Сондай-ақ, қадір түнінің ерекшелігіне қатысты періштелер осы түнде жаратылған және Адам пайғамбарды жарату үшін де топырақ осы түнде алынғаны туралы болжамдар бар.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ