Сұрақ: Қадір түнінде қазақша дұға жасауға бола ма?
Жауап: Кейбір адамдар діндегі амалдың барлығы тек арабша болуы қажет деп ойлайды. Бұл қате пікір. Рас, тек арабша оқылуы шарт құлшылық түрлері бар, мысалы, намаз. Намаз қазақша оқылмайды, Құран қазақша оқылмайды.
Ал енді асқа бата беру, дұға жасау, тілек тілеу, мәнажат ету сияқты амалдарды қазақша немесе басқа да тілдерде айтуға дін рұқсат береді. Себебі дінде «тағдыр» концепциясы бар, яғни ұлттарды жатарқан Құдай Тағала олардың тілдерін де әртүрлі етіп жаратқан. Сол үшін мәнажатты, дұға-тілектерді ана тілімізде айта береміз. Адам ана тілінде ойын еркін жеткізе отырып мәнажат етеді.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ