Психолог Ирена Сирма жұртшылық арасындағы жапондық аниме – қауіпті деген таптаурын тұжырым тым әсерлендіріліп жіберген деп санайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
“Бесінші арнаға” берген сұқбатында ол сөзін осы мәдениеттің бастауынан бастады.
Аниме мәдениеті бізге Жапониядан келді, қазір анимация өнімдерінің 70 пайызын аниме құрайды. Онда көптеген жанр бар. Сондықтан көріп отырған анимеңізді бастапқыда қай жанрда түсірілгенін байқай да қоймайсыз. Түрлі-түсті реңке ие анимеден жамандық табу қиын. Жалпы, бұл жанрдың бастауында жалғызбасты бақытсыз бала туралы қандай да бір оқиға бар, көрермендер оны аяп, оған жанашырлық танытады.Ирена Сирма
Оның айтуынша, агрессор кейіпкерлері анимеде жиі кездеседі, бірақ егер қалыпты отбасында тәрбиеленсе балаға ол әсер ете алмайды.
Тағы мынандай бір жағдай бар, бала агрессорға еліктей бастайды, егер зұлым кейіпкер барлығын талқандап, жеңетін болса. Бұл жағдайда көлеңкелі, агрессивті дәнек бала бойына түсуі мүмкін. Бірақ соған қарамастан, шынайы өмірде баланы көршілері, достары, ата-анасы қоршап, махаббатқа бөлесе, ол – үлкен мәселе емес. Бастысы, қазір мәселе балаларда емес, ата-аналарда, – дейді психолог.
Маманның пікірінше, балаға аниме көруге тыйым салудың керегі жоқ, олай жасаса, бұл оның қызығушылығын арттырады. Сондай-ақ ол мұндай мультфильмдерде жиі қорқыныштар болуынан қатты сезіктенбеуге шақырады. Сирма балалар өз отбасында қорғанысқа ие екендігіне сенімді болса, бойды билеген аздаған қорқынышта тұрған дәнеме жоқтығын айтады.
Мұндай қорқыныштың балаға керегі де бар, ол көрпенің астына тығылуға болатынын, жақын маңда өзіне көмекке келетін аса қамқор әке-шешесінің барын біліп, оларды қадірлей алады. Бұл – бақылауға ырық танытатын қорқыныш деп аталатын адаптация. Біздің психикамыз үнемі жұмыс істеп тұрады, ол әрдайым жұмсақ, тыныш режимде бола алмайды, оған адреналин қажет, ал бұл адреналинді алудың бір тәсілі. Тағы бір жағынан, бұл балалардың күнделікті сүрең өмірінен, тіпті қиын өмірінен алшақтау, бір сәтке ұмтылу тәсілі, – дейді сарапшы.