Тәуелсіздік күні қарсаңында бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті өкілдері, мәдениет және ғылым қайраткерлері, спортшылар, еңбек ардагерлері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері бар.
«Қазақстанның Еңбек Ері» жоғары атағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық, денсаулық сақтау салаларын дамытудағы және өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін жазушы Ә.Әшімовке (Тарази), Нұр-Сұлтан қаласындағы «Онкологиялық орталық» МКК бас дәрігері М.Төлетаевқа, Шығыс Қазақстан облысының «Қазмырыш» ЖШС бас директоры А.Хмелевке берілді.
«Отан» орденімен жазушы С.Досанов, еңбек ардагері М.Жолдасбеков, ақын А.Бақтыгереева, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен Конституциялық Кеңес төрағасы Қ.Мәми, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы А.Айдарбаев, «А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы Б.Баймаханов, «Bazis Holding Сompany» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы А.Белович, жазушы Д.Исабеков, Қазақстан Православ шіркеуінің басшысы, Астана және Қазақстан Митрополиті Александр марапатталды.