Сұрақ: Құрдастар өзара «пранк» жасап тұрады. Ислам бұған қатысты не айтады?
Жауап: Исламда мақұл қөрінген әзіл мен «пранк» екеуі екі басқа дүние. Исламдағы әзіл мысқылсыз, адамның намысына тимейтін зілсіз әрі жеңіл болса, қазіргі пранктардың көбі адамды ыңғайсыз әрі орынсыз жағдайға қою, қорқыту, үрей тудыру сияқты мақсаттарды көздейді. Исламда мұндай амалдар тыйым салынған: басқаны қорқыту, намысына тиетін сөдер айту, үрей тудыру және т.б. Құдай Тағала адамды ардақты етіп жаратқан.
Бір күні сапарда сахабалардың бірінің көзі ілініп кетеді. Қасындағы үзеңгілестері әзілдеп оның жебесін тығып қояды. Әлгі сахаба ұйқыдан тұрғанда жебесін іздеп, әбден әлек болады. Оны жоғалтып алған екенмін деп қатты уайымдайды. Мұны тамашалап отырған сахабалар әбден күледі. Бұл жағдайды естіген пайғамбар (с.ғ.с.): «Мұсылман адамның басқа мұсылманды қорқытуына болмайды», – деп айтады (Әбу Дәуіт).
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ