Anti-fraud жедел-алдын алу іс-шарасы аясында үш күнде полицейлер 150-ден астам киберқылмысты ашты. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Үш күн ішінде 156 қылмыс ашылды. Оның ішінде қылмыстық кодекстің «ақпаратқа заңсыз қол жеткізу», «авторлық құқықтарды бұзу», «порнографияны тарату», «арнайы техникалық құралдарды тарату» баптары бойынша істер бар. Сондай-ақ ІТ-технологияларды пайдалана отырып жасалған 13 ұрлық қылысы анықталды. Интернет саласында 283 алаяқтық қылмысы тіркелді», – Ш. Тұрлыбек министрліктің кезекті брифингінде.
Оның айтуынша, Жамбыл облысының полиция қызметкерлері интернет-алаяқтық қылмысы бойынша күдікке ілінген 20 жастағы Шымкент тұрғынын ұстады. Аталған адам Instagram-да жалған аккаунтын ашып, жәбірленушілерге банктегі несиелерді төмен пайызбен қайта қаржыландырамын деп алдаған. Қазіргі уақытта күдіктінің 5 интернет-алаяқтық жасауға қатысы бар екені анықталды.
«Сонымен қатар, операция кезінде 154 лицензияланбаған диск пен флэш-диск тәркіленді. Бұдан бөлек, полицейлер үш тыңшылық жасауға арналған үш құрылғыны тәркіледі», – деді ведомство өкілі.