Астанада өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің XXХІХ мәжілісінде төртінші «Пәтуалар жинағы» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
«MUFTIYAT» баспасынан жарық көрген кітаптың тұсаукесеріне арнайы қатысқан ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы кітаптағы пәтуалардың мұсылман жамағатының рухани өмірінде алатын орны мен рөлін айрықша атап өтті. Кітапта қоғамдағы мұсылмандық ұстанымға қатысты туындап отырған көкейкесті діни мәселелер жан-жақты талқыланып, шариғат негіздеріне сүйене отырып, шешімі жинақталды. Еңбек дін қызметіндегі имамдарға, имандылық жолында тәлім алушы шәкірттерге, сондай-ақ жалпы мұсылман қауымға арналған.
Кітапқа Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті Дінтану сараптамасының оң қорытындысы берілген және ҚМДБ Сараптау комиссиясы мақұлдаған.