Бейсенбі, 1 Маусым, 2023
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Палуанға жасалған қастандық. Ол не істеді?

15.06.2022
- Қоғам, Таңдаулы
0
401
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазақ тарихында есімі палуан әрі би ретінде қалған «Сары би» деген кісі өткен. Оның азан шақырып қойған шын аты – Нұрмахамбет. Ел аузындағы әңгімелер мен шежірелерде балуандық пен билікті қатарынан он үш жасында бастаған деседі. Әкесінің аты – Мыңбай, шешесінің аты – Анар. Қоңырат ішіндегі Көктің ұлының Оразкелді атты іргелі атасының Тиектісінің Андағұл тармағының Көкі баласы. Міне, осы кемеңгер алыпқа қатысты «оған қастандық жасалғанда да өшігіп, кектеспей, кеңқолтық қазаққа тән ер мінезділік танытқан» деп аңыздайды артындағы ағайын.

Бұл жағдай қалай болды?

Әуелі, Алаштың тарихи жадында ел ұстаған және халық алдындағы өнерлі тұлғаларға істелген түрлі қысастықтар мен қастандықтар туралы көптеген естелік қалғанын айта кету керек. Айталық, дүниенің астын үстіне түсіріп, әлемнің тағдырын шешкен жиһангер Шыңғысханның қанды жолының бастауында да оның әкесіне жасалған қастандық оқиғасы жатыр. Мәлім болғандай, Есукей баһадүр он жасар ұлы Темужінді Қоңырат Дөй шешеннің сұлу қызы Бөртеге атастырып, қайтар жолда шөл қысқан соң, той жасап жатқан татарлардың ауылына бұрылып Дала заңында барынша айыпталатын көр-қорқаулыққа тап болған. «Алтын шежіренің баяндауынша, «Татарлар Есукейді көре сала, ежелгі жауымыз келді деп, өзара ымыраласып, оны аттан түсіріп алып, асқа шақырады. Ұсынған тамағына у қосып береді». Сәрі да, «қонақ үстінде қастандық болар-ау» деген күдік аңғал батырдың ойына кіріп шықпаған.

Ал мұндай-мұндай Ұлы дала діліне жат ағаттықтардың бір бұл емес, «Бабалар сөзі» жүзтомдығы секілді кітаптар деректеріне сүйенсек, ертеден кешеге дейін аракідік болып тұрғаны тағы да шын.

Атақты ер – Сырым батырдың да түбіне жеткен осы нәрсе. «Үш сиықтың баласы көше ауғанда, Хиуада ақтылы жылқы, аяқты малы көп қалып еді, соған барайын деп шықтым» деген Сырым да дос-жаранның «Хиуа ханы қастандық қылар, барма» дегенін тыңдамай, сапар соңы аттанарды үзеңгісіне жағып жіберген удан болды.

Иә, қастандықтың түр-түрі көп. Оның кебін ұлы Абайдың да басынан кешкенін білеміз. Яғни, 1898 жылы Ақшатаудағы Көшбике қонысында өткен Қоңыркөкше болысының сайлауында ақын-ғұламаның басына істелген сойқанды іс. Бірақ ол жолы періштесі сақтап, Абайдың қасына еріп барған Уәйіс оның үстіне шапанын бүркей құлап, қаптаған көп таяққа сыртын төсеп, қорғап қалмағанда бүгінгі қазақ руханиятының қаншалықты деңгейде болатыны бір құдайға ғана аян.

Әйгілі Сары би – Нұрмахамбет те бұдан тыс қала алмапты. Ол бір күрмеулі дауды әділінен шешеді. Жеңілген жақтың айыбы беттеріне басылып, абыройлары төгіледі. Содан олар қастық ойлап жүріп, бір ретінде би-палуан ауылдарына түскенде, ас берерде ет асатып, оған тікен қосып жіберген көрінеді. Бірақ өзін күтіп отырған табақшылардың бұл иттігін білсе де, онысын беттеріне басып, «Пұл болса, шеңгел де сорпа. Аяққа себепсізден себепсіз тікен де кірмес» дегендей-ақ, бәрінің көзінше шеңгелді толғап жұтып жіберген-дүр (Шәуілдірлік Мамырайхан Сырлыбайұлы айтуы бойынша).

АЛЖИР: Азалы жылдар жаңғырығы

АЛЖИР: Азалы жылдар жаңғырығы

31.05.2023
Түрмеден берілген тапсырма

Түрмеден берілген тапсырма

31.05.2023

Өз кезегінде ғалым М.М. Ерімбетовтың құрастыруымен шыққан «Қоңырат шежіресі және оған қатысты әңгімелер: Ұраны – «Алатау», таңбасы – «Босаға»» кітабында ол оқиғаның ұзын-ырғасы бүге-шүгесіне дейін былайша баяндалады:

«Атақорғанда қартайған бір би халқын жинап:

– Мен қартайдым. Билікті қолдан алыңдар, – депті. Сонда ауылдың үй толы қарасақалдары үндемей, тілін тістеп, төмен қараса керек. Кенет босағада отырған, есік алдындағы он үш жасар Нұрмахамбет:

– Ата, батаңызды маған беріңіз, мен би боламын, – депті. Баланың батылдығына таңданған қария:

– Бәрекелді! Жасы кіші демеңіз, ақылы асса, аға тұт деген халқымыз. Берейін батамды! – деп, кішкентай сары балаға батасын берген екен. Сары би атағы содан қалған-ды. Өзі жас, реңі аңсары, батыл бозбала ел арасында даулы мәселелерді дұрыс, әділ шешуге белсене кірісіп, абырой-атаққа ие болып, «Нұрмахамбет палуан» аты ұмытылып, Сары би атаныпты.

«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген сөз Сары бидің өмір тарихын шолып отырған адамның есіне бірден түсері анық. Бетің бар демей, аузына келген тура сөзді басқаның байлық-беделіне қарап бұрмай, тура айтатын әділдік Сары биді бала кезінен елге сыйлы етті. Даудан жеңгендер мақтан етсе, даудан жеңілгендердің іші күйе қастық ойлады.

Сондай оқиғаның бірі – Атақорғаннан жүз елу шақырым жердегі Баймұрат ауылында болыпты. Екі ауылдың дауын шешуге келген би тобы үлкен үйде қонақасы жеп отырса керек. Баймұрат ауылының бір тырнағын ішіне бүккен сұмырайы, қазақтың меймандостық дәстүрін бұзып, төрде отырғандардың біріне шеңгелдің тікенін қоса асатып жіберуді тапсырыпты.

Ниеті бұзық топтың ойын ет асатқанда түсінген Сары би пәлен деместен, шеңгелдің тікенін етпен қоса шайнап жұтып жіберген екен. Сары бидің бірбет, қайсар, батыр мінезін байқаған, іштей түсінген Баймұрат ауылының адамдары, кейінірек ақылды билік, төрелік әңгімесін естігенде де Сары биге тәнті болып, қайта қонақасы беріп аттандырған екен.

Баймұраттықтардың билікке араласқан бір ақсақалы айтты деген сөз кейінге қалыпты.

– Қойды серке бастайды, елді ерке бастайды. Топ қарияны төредей бастап келіп, төрелік айтқан мына Сары бала төбе би деуге лайық екен. Екі иығына екі кісі мінгендей палуан денелі жігіттің көзі тым өткір екен. Мен сөзден жеңілмедім, отты көзден жеңілдім. Шынында айтпасыңа қоймай, ішіндегіні біліп тұрады екен, – депті».

Осы палуан-бидің жұлдызшы да болғанын, яғни күресті есептеп шығатыны туралы да дерек бар. Бұл енді бөлек тақырыптың жүгі. Мархаба!

Мәдениеттанушы-лингвист

Абылайхан ҚАЛНАЗАРОВ

Тегтер: балуанНұрмахамбетСары би
Бөлісу10Твитерге6Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Еуропада “Тұрандот” атымен танылған балуан ханшайым кім?
Қоғам

Еуропада “Тұрандот” атымен танылған балуан ханшайым кім?

16.03.2023
Француз құрамасы балуандарының бәрі – шешендер
Жаңалықтар

Француз құрамасы балуандарының бәрі – шешендер

14.03.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Көп күлкі жүректі өлтіре ме?

Көп күлкі жүректі өлтіре ме?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Исламның 5 парызы – Ибраһимнің (а.с.) 5 қазынасы

    6651 рет бөліскен
    Бөлісу 2660 Твитерге 1663
  • Дұрыс дұға жасау әдебі

    4348 рет бөліскен
    Бөлісу 1737 Твитерге 1086
  • Духа намазы қалай оқылады?

    1437 рет бөліскен
    Бөлісу 574 Твитерге 359
  • Сүннет болған намаздардың да қазасы өтеліуі тиіс пе? Ниет қалай етіледі?

    1483 рет бөліскен
    Бөлісу 593 Твитерге 371

Соңғы жарияланымдар

АЛЖИР: Азалы жылдар жаңғырығы

31.05.2023
0
АЛЖИР: Азалы жылдар жаңғырығы

Толығырақ оқу

Түрмеден берілген тапсырма

31.05.2023
0
Түрмеден берілген тапсырма

Толығырақ оқу

Зәуреш ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ: Саяси құғын-сүргін құрбандары толық ақталған жоқ

31.05.2023
0
Зәуреш ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ: Саяси құғын-сүргін құрбандары толық ақталған жоқ

Толығырақ оқу
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

 

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Сауалнама
    • Кітапхана
  • Жоба туралы
  • ҚАЗ
    • ҚАЗ
    • РУС

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіге кіріңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы аты немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00