Ислам отансүйгіштікке шақырады дейді. Олай болса Пайғамбар (с.ғ.с.) не үшін Меккеден қоныс аударды?
Расында ислам отансүйгіштікке шақырады. Мысалы, пайғамбардың (с.ғ.с.) «Отанды сұю иманнан» деп айтқан мәшһүр хадисы бар. Пайғамбардың туған жері Меккеден көшуінің бірнеше себептері болды. Ол кісі қаоаны ерәксәз тәрік етті. Мұсылмандар Меккенің мүшриктерінен көптеген қысым көрді, түрлі азаптарға ұшырады. Пайғамбар (с.ғ.с.) оларға қорған болып үлгіре алмады. Сөйтіп, олардың аман-саулығы үшін Мекке шаһарынан Мәдинаға қоныс аударуға мәжбүр болды. Бұған қоса пайғамбар (с.ғ.с.) Отанына қайтып келу мақсатында шықты. Сондай-ақ, мұсылмандар мүшрикердің қысымынан құтылып, жаңа мұсылман мемлекетін көтеру үшін де қоныс аударды деп айта аламыз. Төмендегі бір-екі мысалданпайғамбардың Отанға деген сұййіспеншілігін көре аласыз. Мысалы, Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) «Хазрауа» деген жерге жеткенде түйесін тоқтатқан екен. Кіндік қаны тамған Меккеге жабырқаған көңілмен қимай ұзақ қарап тұрыпты. Сосын:
– Уаллаһи! (Аллаға қасам етейін) Сен жер бетіндегі ең көрікті, ең сүйікті мекенсің. Мен үшін сенен артық жер жоқ. Егер тағдыр тауқыметіне ұшырамағанымда, өзіңнен бір сәтке де алыстамас едім! – деген.
Келесі бір риуаятта пайғамбар (с.ғ.с.) Меккеден шығып бара жатып, арқасына қарап:
– Отаным. Менің отаным – деп айтқан.
Сондай-ақ, ислам тарихында мынадай оқиға келеді. Пайғамбар (с.ғ.с.) тағы бір жолы Ұхуд тауына қарап:
– Біз, Ұхудты жақсы көреміз, Ұхуд та бізді жақсы көреді – деп айтқан.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ