Мәдина қаласындағы Пайғамбар (с.ғ.с.) мешітіне ислам күнтізбесі бойынша ағымдағы жылы әлемнің түкпір-түкпірінен 200 миллион адам келген.
Ислам күнтізбесі бойынша жаңа жыл биыл шілде айында басталады. Сондықтан Сауд Арабиясы билігі өтіп бара жатқан 1444 жылды қорытындылау үстінде.
Бұл жыл аяқталғанша әлі бір айдай уақыт бар. Сондықтан Пайғамбар (с.ғ.с.) мешітіне келушілер саны 200 миллионнан да әлдеқайда асып түседі деген болжам бар. Өйткені, биыл ел билігі пандемия басталғалы бері тұңғыш рет келетін қажылар санына шектеу қойған жоқ. Мәселен, 2019 жылы 2,5 миллион адам үлкен қажылығын өтеген еді. Ал одан кейінгі жылдары қажылық шектеулі форматта ұйымдастырылып келді.