Сейсенбі, 21 Наурыз, 2023
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Пайғамбар миғражда кімдерді көрді?

17.02.2023
- Ислам, Таңдаулы
0
865
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бүгін ақпанның 17-сінен 18-іне қараған түн – қасиетті миғраж түні

Адамзат баласы өмір сапарында жолаушы іспетті… Бағыты, ниеті, мақсаты – Разылыққа жету. Тура жолда жүріп, адамзатқа жүктелген халифалық міндетті дұрыс орындау. Оразасы, намазы, садақасы өзгеге емес, өзіне қалқан. Сол үшін де парыз болған құлшылықты кемеліне жеткізіп, кемшіліксіз орындау әрбір саналы пендені ойландырса керек.

Ал ақиқаттан аттамай, Алланы таныған жан үшін сапарлардың ең ұлысы ол – миғраж оқиғасы. Исра мен миғраж оқиғасы адамдарды сынау үшін жіберілген. Хазіреті Әбу Бәкір (р.а.) осы оқиғаға шынайы сенгендіктен «Сыддық» деп танылды. Яғни, адамдар иман тарапынан сыналды.

Бүгін ақпанның 17-сінен 18-іне қараған түн – қасиетті миғраж түні. Бұл түн күллі мұсылмандар үшін қадірлі, өйткені бұл түні сүйікті пайғамбарға (с.ғ.с) керемет мұғжизалар нәсіп болды.

Исра сөзі «түнгі сапар» дегенді білдірсе, миғраж «жоғары көтерілу» деген мағына білдіреді. Мәдина қаласына қоныс аударудан бір жарым жылдай уақыт бұрын бір түні Пайғамбарға (с.ғ.с) Жебірейіл періште (а.с.) келеді. Оның қасында тек пайғамбарлар ғана мінетін Бурақ (қазақтың «пырақ» сөзі осыдан шыққан) атты жүйрік жануар бар екен. Пайғамбар (с.ғ.с) Жебірейілдің (а.с.) айтуымен осы жануарға мініп Бәйтул-Мақдиске (Иерусалим шаһарына) бір мезетте жетіп барады. Мұнда әл-Ақса мешітінде оны пайғамбарлар (а.с.) күтіп отыр екен. Пайғамбар (с.ғ.с) оларға имамдық етіп, бірге намаз оқиды. Бұл оның (с.ғ.с) жалпы пайғамбарлардан артықшылығына дәлел. Сосын Жебірейіл (а.с.) періштемен бірге көкке көтеріледі.

Бірінші аспанға шыққанда Адам пайғамбармен (а.с.) кездеседі.

Екінші аспанда Иса және Жақия пайғамбарлармен (а.с.) жолығады.

Ұстаған оразам ақыретте маған шапағатшы бола ала ма?

Оразаның ақыреттегі пайдасы қандай?

21.03.2023
Наурызды тойлау Исламға дейін бастау алған

Наурызды тойлау Исламға дейін бастау алған

21.03.2023

Үшінші аспанда Жүсіп пайғамбарды (а.с.) көреді.

Төртінші аспанда Ыдырыс пайғамбарға (а.с.) кезігеді.

Бесінші аспанда Һарун пайғамбарды (а.с.) көреді.

Алтыншы аспанда Мұса пайғамбарға (а.с.) жолығады.

Жетінші аспанға көтерілгенде Меккедегі Бәйтулла – Қағбаның дәл үстінде орналасқан Бәйтул-Мағмурды, оған қажылық жасап жатқан сан мыңдаған періштелерді көреді. Осы жерде арқасын Бәйтул-Мағмурға сүйеп отырған Ибраһим (а.с.) пайғамбарды көреді. Сосын әлемдердің шегі – Сидратул-Мунтаһаға («Шектің Лотосы») барады. Осы жерде Жебірейіл періште (а.с.) тоқтап, Пайғамбарға (с.ғ.с): «Енді сен алға жүрсең өтесің, ал мен жүрсем күйіп кетемін», – деп осы жерде қалатындығын айтады.

Пайғамбар (с.ғ.с) одан әрі ешбір жаратылыс иесі басып көрмеген орынға жалғыз өзі барып, Раббысымен сөйлеседі. Алла Тағала осында намазды парыз қылады. Пайғамбар (с.ғ.с) осы Исра және Миғраж оқиғасын басынан бір-ақ түнде кешіреді. Ол таңертең жиналған қауымға түнде болған керемет мұғжизаны әңгімелеп бергенде кейбіреулер сеніп, ал дұшпандар мен кейбір иман келтіргендердің өзі бұлай болуы мүмкін емес деп мұғжизаны терістеп, сенімдерінен шығып кетеді.

Хазіреті Әнәс (р.а.) Мәлік ибн Сағсағадан (р.а.) жеткізген хадисте былай дейді: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с) оларға Миғражға көтерілген түн жайында былай деді:

«Мен Қағбаның ауласында Хатим бөлігінде (Хыжрда) жатқан едім. Ұйқылы-ояу едім. Маған бірі келді. Мына жерден мына жерге дейін (тамағынан бастап, қыл өскен жеріне дейінгі аралықты меңзеді) кеудемді жарды, жүрегімді шығарды. Сосын маған іші иман және хикметпен толы алтын ыдыс алып келді. Жүрегім «Зәмзәм» суымен жуылды. Сосын іші иманмен толтырылып, қайта орнына қойылды. Сосын есектен үлкен, қашырдан кіші бір хайуан келді. Бұл пырақ еді. Алдыңғы аяғы көзінің жеткен жеріне секіретін, осылай жүретін еді. Мен оның үстіне міндім. Осылай Жәбірейіл (а.с.) мені алып кетті. Дүниенің аспанына келдік. Есіктің ашылуын сұрады.

– Келген кім? – деді іштен.

– Жәбірейіл.

– Қасыңдағы кім?

– Мұхаммед (с.ғ.с)!

– Оған миғраж шақыруы жіберілді ме?

– Иә.

– Қош келді, бұл неткен қайырлы келіс!

Осылайша Мұхаммед пайғамбар жеті қат көкте пайғамбарлармен кездесті. Оқиға орын алмастан бұрын Алла Елшісінің (с.ғ.с) көңілі сондай жабырқаулы болатын. Жұбайы Хадиша анамыз бен көкесі Әбу Талиб қайтыс болып, тіпті Тайып сапарынан қатты соққы алған пайғамбардың көңілінде көп қаяу болды. Ал миғраж оқиғасы осындай сынақтан кейін қажыған пайғамбарды жұбату іспеттес. Ережеп айының 26-сынан 27-сіне қараған түні Алла Тағала пайғамбарды Мекке қаласынан Ақса мешітіне апарып, сол жерден миғражға көтерді. Құран Кәрімнің «Исра» сүресінде: «Пендесін бір түні оған белгілерімізді көрсету үшін Харам мешітінен біз айналасын мүбәрак қылған Ақса мешітіне (исра жасатып) апарған Алла Тағала әр түрлі кемшіліктен пәк»,-делінген.

Міне, осындай мүбәрак түнде пайғамбарымызға (с.ғ.с) бес уақыт намаз парыз болды. Бұл оқиғадан алатын ғибрат: Қонақты күлімсіреген жүзбен күтіп алып, дұрыс мәміледе болу. Алла Елшісі де жеті қат көкте пайғамбарлармен жақсы мәміле жасады, пайғамбарлар да оған ерекше құрмет көрсетті. Жәбірейілдің (а.с.) пайғамбарымызды көкке көтеруі, басқа пайғамбарларға берілмеген сыйдың оған берілуі – оның пайғамбарлығына дәлел бола алады.

Мүбәрак түнде кім қандай құлшылықта болса да, қалағанынша намаз оқи алады, құран оқи алады. Нәпіл намаз оқу, салауат, истиғфар айту – ізгі амалдың қатарын толықтырары сөзсіз. Ең бастысы кімнің намазды қалай оқитындығында? «Намаз – мұсылманның миғражы» деп айтылады. Демек, құл ықыласпен намаз оқу арқылы Раббысына жақындай түседі екен.

Абдуллаһ ибн Бәкір былай дейді:  «Әбу Талха әл-Ансари (р.а.) бақшасында намаз оқып жатыр еді. Сол кезде бір құс ары-бері ұша бастады, ұшқан жерін іздеді, бірақ таба алмады. Бұл жағдай Әбу Талханың көңілін бұрды, сосын құсты біраз көзімен бақылады. Кейін қайта намазын жалғастырды. Сөйтіп қанша рәкәғат оқығанын ұмытып қалды. Өз-өзіне: «Бұл малымнан маған фитна жұқты»,-деді. Пайғамбарымызға (с.ғ.с) келіп болған жайды айтты. Сосын: «Ей, Алланың Пайғамбары! Бұл бақшаны Алла ризалығы үшін садақа қылдым, оны қалағаныңызға беріңіз»,-деді. Сахабалар тек ғибадатқа көңіл бөліп, дүниеге қызықпайтын. Жүрегін дүниелік махаббатқа емес, керісінше Аллаға, пайғамбарға деген махаббат толы болатын.

Қазіргі таңда бізді анау болады, мынау болмайды деген мәселелер емес, «Мен қоғамға қалай пайдалы боламын?» деген мәселе ойландыруы керек. Дін тұрғысында талас тудырып жүрген кей тақырыптарға анық дәлелдер жеткілікті. Мысалы, «Пайғамбарымыз көкке көтерілгенде Алламен тілдесті ме, жоқ па?» деп бас қатырғанша, пайғамбарға миғражда сый болған намазды Раббым маған да сыйлады ғой. Сол намазды қалай оқып жүрмін, кемшілік болса түзетейін» деп ықылас қойсақ, қандай жақсы болар еді?! Сол кезде адамдар бір-бірінен кемшілік іздеп, бір-бірімен күңшіл болмас еді… Олай болса, Миғраж түні мүбәрак болсын! Иманымыз кәміл, құлшылығымыз бүтін болғай!

Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

Тегтер: МиғражПайғамбар
Бөлісу21Твитерге13Бөлісу4Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Сұрақ-жауап

Пайғамбар (с.ғ.с.) болашақты білген бе?

24.02.2023
Сұрақ-жауап

Мұсылман үшін сүннеттің орны қандай?

22.02.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба
“Миғраж түні” қандай түн?

«Миғраж түні» көкке көтерілу кез келген адамға нәсіп бола ма?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • 2023 жылғы Ораза кестесі (барлық қалалар бойынша)

    2023 жылғы Ораза кестесі (барлық қалалар бойынша)

    264 рет бөліскен
    Бөлісу 105 Твитерге 66
  • Исламның 5 парызы – Ибраһимнің (а.с.) 5 қазынасы

    5327 рет бөліскен
    Бөлісу 2131 Твитерге 1332

Соңғы жарияланымдар

Оразаның ақыреттегі пайдасы қандай?

21.03.2023
0
Ұстаған оразам ақыретте маған шапағатшы бола ала ма?

Толығырақ оқу

Наурызды тойлау Исламға дейін бастау алған

21.03.2023
0
Наурызды тойлау Исламға дейін бастау алған

Толығырақ оқу

Төлеби ОСПАН: Діни сауатсыздық – діннің де, мемлекеттің де қас жауы!

21.03.2023
0
Төлеби ОСПАН: Діни сауатсыздық – діннің де, мемлекеттің де қас жауы!

Толығырақ оқу
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

 

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Сауалнама
    • Кітапхана
  • Жоба туралы
  • ҚАЗ
    • ҚАЗ
    • РУС

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіге кіріңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы аты немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00