Жексенбі, 28 Мамыр, 2023
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Пайғамбар (с.ғ.с.) шапағаты

23.11.2017
- Қоғам
0
3.9k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу
Түркістанның соңғы мүфтиі

Отырар хикаялары – 3

24.05.2023

Отырар хикаялары – 2

20.05.2023

Бұл шапағат туралы ғалымдар Құран кәрімде айтылған күнәлардың тысында барлық мәселеде адамдардың бір-біріне шапағат етіп, жәрдемдесуі мұстахаб, яғни жақсы деген.[2] Сондай-ақ, ардақты елші (с.ғ.с.) де шапағат етудің адамдарды сауапқа кенелтетінін айтып, оны адамзат баласына өсиет еткен.

Ал ақиретте шапағат ету Рақым пайғамбардың (с.ғ.с.) Алла тағаланың рұқсатымен пенделерге жаннатқа кіруіне жәрдем етуін білдіреді. Діни ұғымда «шапағат» сөзінің осы екінші мағынасы көп қолданылады. Әһл-сүннет ғалымдарының бәрі бір ауыздан ақиретте шапағат етудің хақ екенін мойындаған.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) шапағат етуі жайында Құран кәрім: «Түннің бір уағында оянып (Құранмен) өзіңе тән нәпіл намаз оқы. Раббыңның сені бір мақтаулы орынға жеткізуінен үміт етіледі»[3], − дейді. Аятта айтылған мақтаулы орын (мақам махмуд) – ақиретте шапағат ету орны.

Пайғамбарымыздың ақиретте шапағат етуі жайлы бірнеше хадистер жеткен. Мысалы, бір хадисте: «Мен қиямет күні адамзаттың мырзасы боламын. Неліктен бұлай екенін білесіз бе?» деп Сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ақиретте адамдар бастарына қауіп төнгенде Адам (а.с.) пайғамбардан бастап, барлық үлкен пайғамбарларды жағалап қауға сұрайтынын, алайда олар азаптан құтқара алмайтындықтарын айтып, бір-біріне сілтейтінін, ең соңында Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарға келетіндіктерін, оның Алладан олар үшін кешірім сұрап, Алланың берген рұқсатымен оларға шапағат ететінін, солайша азаптан құтқарып қалатынын айтады.[4] Хадистің түсіндірмесін жасаған ғалымдар «Мен қиямет күні адамзаттың мырзасы боламын» деген сөйлемнің мағынасын басқа хадистерге де сүйене отырып: «Барлық пайғамбарлар Мұхаммед Мұстафаның туының жанында жиналады, себебі, оның орны мақам махмуд, яғни үлкен шапағат орны болады» деп түсіндіреді.[5] Яғни, жоғарыда келтірілген аятта Алла тағала ескерткен мақтаулы орын Пайғамбарымызға тиесілі болып, басқа пайғамбарлар да оның туының жанында жиналады. «Хақ расул екі жаһан кемеңгері»[6] деп халқымыздың жырға қосқанындай, Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) осылайша ақиретте де адамзатқа қол ұшын беріп, шапағатын тигізіп панасы болады.

Халқымыз Алла елшісінің (с.ғ.с.) тек бұл дүниеде ғана жанашыры емес, ақиретте де «үмбетім» деп қолқанат болатынына, Алладан олар үшін бас сауға сұрайтынына сеніп, шапағатынан үміт еткен, сондықтан дұғаларының да соңын үнемі «Алладан рақмет, Пайғамбардан шапағат болсын» – деп аяқтаған. Шапағаттан үміткер болған халқымыз осы ойын жырларында:

          Расулалла – ғаламның паналары,

          Жапырағы сая-дүр, бал татыр миуалары.

          Калима шаһадатты жары қылған,

          Шапағат үміт қылар жанның бәрі[7], − деп төгеді.

Осы жырда айтылған шаһадат сөзін, яғни «әшһәду ән лә иләһә иллаллаһ уа әшһәду әннә Мухаммадан абдуһу уа расулуһу» деп айтқан адамдардың бәрі шапағатты үміт етуіне: «Әрбір пайғамбардың Алла қабыл ететін бір дұғасы бар. Барлық пайғамбар сол дұғасын жасауға (іске асыруға) асықты. Мен болсам бұл дұғамды қиямет күні үмбетіме шапағатта қолдану үшін ақиретке сақтадым. Иншаалла, үмбетімнен Аллаға ширк (серік) қоспай өлгендер (қайтыс болғандар) одан нәсіпкер болады»[8] деген хадис дәлел болады.

Пайғамбарымыз шапағат еткен жандардың жаннатқа кіретініне кәміл сенген ата-бабамыз енді бірде:

          Шапағат қылсын пайғамбар,

          Сол кісіге үмбетпіз.

          Бір құдайдың құлымыз,

          Күтемін сауаптар қылса,

          Құдай бір болар күніміз.

          Пайғамбар сонда дергаһы,

          Таразыға тартылар,

          Күнәміздің көп, азы.

          Айналар оңға ісіміз,

          Айдаса сират көпірге.

          Шапағат етіп пайғамбар,

          Болмасын тоқтау жолымыз.

          Ғибрат етіп, жақсылар,

          Жаннатқа әбден кірген соң,

          Ұстасын оң қолымыз.

          Шапағат етсе пайғамбар,

          Жаннатқа неғып кірмейміз,[9] − деп жырлайды.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) ең көп кімге шапағат етеді? Мұны да хадистерден оқып-білген халқымыз:

          Атың жақсы, Мұхаммед,

          Айналайын атыңнан,

          Нұрдан болған затыңнан.

          Ғарасаттың күнінде

          Үмбетің ерер артыңнан.

          Қиямет күн болғанда,

          Жан жиылып толғанда

          Сиратқа айдап барғанда,

          Көп үмбетің не болар.

          Періштелер ергенде,

          Кей адамдар өтеді.

          Кей адамдар кетеді.

          Күнәсі ауыр адамдар

          Қияметте не етеді? – деп хазірет Пайғамбардың Алла тағаладан үмбетінің күнәсінің кешірілуін сұрағанын айтады[10]. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл жайында хадисінде: «Шапағатым үмбетімдегі үлкен күнә жасағандарға»[11] деген.

Көңілге кіріп, жүрекке тікелей жол тапқан осындай жыр жолдары арқылы ақын-жырауларымыз халқымызға дінді насихаттаса, бір жағынан сол қызметтері арқылы Алла тағаланың разылығына, Пайғамбарымыздың шапағатына кенелуді үміт еткен. Сол үшін жазған қисса-дастандарының, жырларының арасына осы тілектерін білдірген өлең жолдарын қосып отырған. Мысалы, «Қисса-и салсалда» жалпы халықтың атынан:

          Пайғамбар мекен тұтқан Мәдинада,

        «Үмбетім» десін бізді о дүниеде[12], – делінсе, XVIII ғасырдың дүлдүлі Қабан жырау өзінің жыр жолдарында:

          Құдайдың өз достының үмбетіміз

          Түссе екен хақ расулдың нұрлы көзі[13], – деп халқымыз үшін шапағат сұрайды.

Кейбір шығармаларда авторлар өздері үшін де шапағат сұрайды. Мысалы, «Қисса-и ан хазірет Расулдың миғражға қонақ болғаны» атты қиссаны жырлаушы:

          Мұхаммед Тәңірі досы Хақ Мұстафа,

          Таңда шапағат қыласың үмбетіңе.

          Жан біткеннің ішінде мен күнәһар,

          Жылатып сонда мені құр тастама[14], – деп тілегін білдірсе, Қожа Жүсіпбек:

          Мұхаммед Расулалла пайғамбарым,

          Махшар күні шапағат қыл, бел панаһым[15], – дейді. Атақты Нұржан ақын бұл тілегін жыр шумақтарына:

          Мұхамбет-Расулалла, хақ пайғамбар,

          Жәрдем ет шапағатшым сенсің енді.

          Мұнда да зәредайдан жарылқанып,

          Жұмақтың миуаларын берсем енді, − деп кестелейді.

Ақын-жырауларымыз тек қана шапағат сұрап қоймай, тыңдаушыларына ардақты Пайғамбардың шапағатына лайық болу үшін өздерінің де әрекет ету керектігін шешен тілмен, әрі қызықтыра отырып жеткізеді. Мұның желісінде сол құлшылықтарды жасауға шақыру да бар. Мұсылман ғалымдар Пайғамбарымыздың шапағатына ие болуға жол ашатын құлшылықтардың қатарына сүннеттерді орындау, көп-көп салауат айту, діннің тірегі болған намазды оқу, күнәларына тәубе ету секілді салиқалы амалдар жататынын айтса, ақындарымыз мұны да өлең жолдарымен халыққа жеткізе білген. Мысалы, намаз немесе жалпы құлшылық жайлы:

          Жамағат, тіршілікте оқы намаз,

     Пайғамбар ақиретте алтын қазық, – деп бұл дүниеде ең басты ғибадат болып саналатын намазды оқыған адамдарға хақ Пайғамбардың оларға алтын қазықтай тіреу болатынын айтса, бұл дүниеде құлшылық қылмай, тек қана жайдан-жай қарап отырып, «менің шапағатшым бол» деудің орынсыз екенін:

          Құдайдың құлшылығын қылмай кетсең,

         Жетпейді пайғамбарға айтқан арыз, − деп ескертеді.

Пайғамбарымыздың сүннетін орындаудың да шапағатқа ілінуге себеп болатынын әсем тілмен жеткізген ақындарымыз:

          Уассалауат уассалам пайғамбарға,

          Шапағат қыл сүннетің қылған жанға.

Немесе:

          Мол қылар шапағатын махшар күні,

          Құлшылық дәйім қылсаң сүннетіне, – деп жырлайды.

Пайғамбарымызға салауат айту да – оның шапағатына кенелуге бір себеп. Ал салауат дегеніміз Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Алла тағаланың ерекше рақымына бөленіп, дәрежесінің көтеріліп, мерейінің үстем етілуін тілеу. Яғни, үмбетінің пайғамбарына деген ізгі тілегі деуге де болады. Үмбеті оған салауат айтқан сайын оның мақам махмуды, биік дәрежесі одан әрі асқақтап, шапағат ету ауқымы кеңейе түседі.

Хақ елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.) хадисте: «Қиямет күні адамдардың маған ең жақыны – мына дүниеде маған көп салауат айтқан адам»[16]деген. Қиямет күні адамзаттың ардақ тұтар Тұлғасына (с.ғ.с.) ең жақын адам болу – кімнің де болсын арманы. Осы мүмкіндікті қалт жібермеу үшін салауатқа үлкен мән берген ақындарымыз оны:

          Құдайым досым деген хақ Мұхаммед,

          Жолыңа, аруағыңа мың салауат.

          Шапағат қыл, күнәһар шермендемін,

          Салауат қайта-қайта бес жүз қабат, − деп жырға қосады.

Міне, осылайша қазақ халқы да Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ақиретте шапағат етуінің хақ екеніне сеніп, үміт еткен. Жыр жолдарына осы үміттерін арқау еткен. Ғасырлар бойы әлгі тілектің арасы үзілмей, бір буыннан екінші буынға аманат етіп қалдырылған.

Алау ӘДІЛБАЕВ,

теология ғылымының докторы



[1]    Бухари,Әдеп, 37, Салат, 88; Муслим, Бирр, 145; Әбу Дәуіт, Әдеп, 126; Тирмизи, Илм, 14; Нәсаи, Зекет, 65.

[2]    Хадис ансиклопедиси, IX т, 382-б.

[3]    «Исра» сүресі, 79

[4]    Бухари, Әнбия, 3, 8; Муслим, Иман, 5; Тирмизи, Қиямет, 11.

[5]    Хадис ансиклопедиси, XIV, 218-219-б.

[6]    Бабалар сөзі, I, 79-б.

[7]    Бабалар сөзі, I, 99-б.

[8]    Бухари, Тәухид, 31; Муслим, Иман, 334

[9]    Бабалар сөзі, I, 74-б.

[10]  Бабалар сөзі, I, 75-б.

[11]  Тирмизи, Қиямет, 12; Әбу Дәуіт, Сүннет, 23; Ибн Мажә, Зухд, 37.

[12]  Бабалар сөзі, II, 174-б.

[13]  Бабалар сөзі-даналық көзі, 95-б.

[14]  Бабалар сөзі, I, 96-б.

[15]  Бабалар сөзі, II, 108-б

[16]  Тирмизи, Салат, 357.

Бөлісу94Твитерге59Бөлісу12Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Бұл дүние мұсылман үшін зындан ба?
Сұрақ-жауап

Бұл дүние мұсылман үшін зындан ба?

27.05.2023
Мақсатбек ҚАЙЫРҒАЛИЕВ: Біздің басты ұстанымымыз – өмірге үміт сыйлау
Сұхбат

Мақсатбек ҚАЙЫРҒАЛИЕВ: Біздің басты ұстанымымыз – өмірге үміт сыйлау

26.05.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Періштелер ұялған сахаба

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Исламның 5 парызы – Ибраһимнің (а.с.) 5 қазынасы

    6621 рет бөліскен
    Бөлісу 2648 Твитерге 1655
  • Дұрыс дұға жасау әдебі

    4327 рет бөліскен
    Бөлісу 1729 Твитерге 1081
  • Духа намазы қалай оқылады?

    1419 рет бөліскен
    Бөлісу 567 Твитерге 355
  • Истиғфар дұғасы дегеніміз не?

    4024 рет бөліскен
    Бөлісу 1608 Твитерге 1005
  • Сүннет болған намаздардың да қазасы өтеліуі тиіс пе? Ниет қалай етіледі?

    1466 рет бөліскен
    Бөлісу 586 Твитерге 367

Соңғы жарияланымдар

Бұл дүние мұсылман үшін зындан ба?

27.05.2023
0
Бұл дүние мұсылман үшін зындан ба?

Толығырақ оқу

Мақсатбек ҚАЙЫРҒАЛИЕВ: Біздің басты ұстанымымыз – өмірге үміт сыйлау

26.05.2023
0
Мақсатбек ҚАЙЫРҒАЛИЕВ: Біздің басты ұстанымымыз – өмірге үміт сыйлау

Толығырақ оқу

Пранк жасауға бола ма?

26.05.2023
0
Пранк жасауға бола ма?

Толығырақ оқу
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

 

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Сауалнама
    • Кітапхана
  • Жоба туралы
  • ҚАЗ
    • ҚАЗ
    • РУС

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіге кіріңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы аты немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00