Хасан Басри: «Алла Тағала Адам (а.с.) пайғамбарға төрт сипатты уаһи етіп былай деді: «Сен және балаң үшін барлық істің өзегі осы төрт нәрседе. Олардың бірі – мен үшін. Бірі – сен үшін. Бірі – Мені мен сенің арамызда. Бірі – сені мен халықтың арасында.
Мен үшін болған нәрсеге келетін болсақ, ол – Маған құлшылық етуің және Маған ешнәрсені ортақ қылмауың.
Сен үшін болған нәрсеге келсек, ол – сенің амалың. Ең мұқтаж уақытыңда сол арқылы саған сый жасаймын.
Екеуміздің арамыздағы нәрсеге келсек, сенен – дұға-тілек, Менен – қабыл ету.
Сені мен халықтың арасындағы нәрсеге келер болсақ, саған қалай дос болғанын қаласаң, олармен солай дос болуың».
Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ
Білуге міндетті нәрсеміз Алла риза болсын