Жұма, 22 Қыркүйек, 2023
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Өзгенің сынағы өзімізге келмесін десек

21.08.2023
- Ислам, Таңдаулы
0
86
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Он сегіз мың ғаламды жаратқан Алла тағала өмір мен өлімді кімнің жақсылық, кімнің жамандық жасайтынын білу үшін сынақ ретінде жаратқан. (Мүлік, сүресі 2-аят). Бұл сынақта бізді кейде жамандықпен сынаса, кейде жақсылықпен сынайтынын да Құран Кәрімде нақты айтқан. (Әнбия, сүресі 35-аят). Сынаққа түспеген ешқандай да бір адам жоқ. Біреуін байлықпен сынаса, енді бірін кедейлікпен сынаған. Ал енді бірін жақсылықпен сынаса, бірін жамандықпен сынаған. Адамзат тарихында адамдар өмірімен, мал-мүлкімен, бала-шағасымен, денсаулығымен, лауазымдық қызметімен, пәктігімен, арымен сыналды және бұл сынақ ақыретке дейін жалғаса бермек.

Біреуміз сынақтан сүрінбей өтіп жатсақ, енді біреуміз сүрініп, өмірлік орнымызды таппай, қайғы-мұңмен өткізуіміз мүмкін. Айталық, мұсылман дінін қабылдаған бір бауырымыз бар. Бұл бауырымыз басына түскен сынақтардан сүрінуде. Оның өзіне, жанұясына және іс-әрекетіне сырттан қараған кезде проблемаға толы болып көрінуі мүмкін. Саналы, жанашыр бір мұсылманның мұндай адамға көзқарасы мен ұстанымы қандай болуы керек?

Саналы бір мұсылман, сынақтан сүрініп жүрген, қиындыққа тап болған мұсылманға жаны ашиды және қолынан келгенше көмектесуге тырысады және бұл бауыры үшін Алладан дұға тілекте болады. Бұл әрекет сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) ең үлкен қасиеті еді. Алла тағала бұл жайында «Тәубе» сүресінің 128-аятында: «Ант болсын сендерге өздеріңнің ішіңізден сондай бір пайғамбар келді, сендердің басыңа түскен қиындық оған ауыр тиді. Ол сендерді көп ойлайды, мұсылмандарға өте мейрімді» деп бұйырған.

Тек қайғыру ғана жеткіліксіз. Бұл бауырымыздың тап болған қиындығынан құтқару үшін, барынша қолымыздан келген жәрдемімізді беруіміз керек. Егер оның істеген ісі күнә болса, оны көпшілік алдында айыптамай, сынамай, оңаша ескерткен абзал. Ал егер ескерту пайдасыз болса, оның бұндай күнәлі істен аулақ болуы үшін Аллаға дұға ету керек.

Егер бұл бауырымыз зұлымдық жасап, басқаларға зиянын тигізуін тоқтатпайтын болса, әділетсіздіктердің алдын алу мақсатында жергілікті заң қызметкерлеріне шағымдану арқылы оған көмек беру міндетіміз. Бұл жайында сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) бір хадисінде: «Өз бауырың жәбірленсе де, жәбір көрсетсе де көмектес» деп бұйырды. Сонда сахабалары: «Жәбір көргенге көмектесуді түсінеміз, ал жәбір көрсеткенге (зұлымдық көрсеткенге) қалай көмектесеміз?» деп сұрады. Сонда Пайғамбарымыз былай деп жауап берді: «Оның зұлымдық ісіне кедергі болу» деп жауап берді. (Тирмизи, «Фитән» бабы 68-хадис)

Басқа бір хадисінде Алла елшісі жамандық көрсеңдер оны қолымен қайтарсын, қолынан келмесе тілімен қайтарсын. Ал бұған да күші жетпесе жүрегімен дұға етіп көмектес деген. (Муслим, «Иман», 49-хадис)

Бұндай жағдайға тап болған мұсылманның сынағы болса, бұл адам туралы ел алдында жамандап, кемсітіп, өсектемеуі керек. Әсіресе, іштарлық, көре алмаушылық, дұшпандығы бар адамдардың бірі жамандық жасаса, екіншісі бұл әрекетін теріске пайдаланбауы қажет. Осындай сәтті пайдалана отырып, ол бірден сол адамды көпшілік алдында сынға алмауы және өсек таратудан аулақ болуы мұсылмандық міндеті. Міне, ең қауіптісі осы жерде. Нәпсіміздің және шайтанның азғыратын және алдайтын жері осы жер. Егер мүмін басқа бір мүміннің қателігі үшін оны түзеуге тырыспай, оны түзеуге тырысудың орнына оны жамандауға, қаралауға, көпшілік алдында масқаралауға тырысса, ол одан өте жамандық жасаған болады. Алла елшісі бұл жайында былай деп бұйырады: «Бауырыңды [жамандығы үшін] ашық сынама, Алла оны рақымына бөлейді де, сені [оның істеген нәрселерімен] сынайды». (Тирмизи, «Сифату л-қиямә, 54-хадис).

Шымкентте жаңа мешіт ашылды

Шымкентте жаңа мешіт ашылды

22.09.2023
Иранда әйелдер футбол стадионына баруға рұқсат алды

Иран парламенті хиджаб кимегендерді жұмыстан қууы мүмкін

22.09.2023

Ешқайсымыздың сынағымыз біткен жоқ, ешқайсымыз жұмаққа кіретінімізге кепілдігіміз жоқ. Алла тағала Құран Кәрімнің «Лоқман» сүресінің 34-аятында: «Ешкім ертең басына не келетінін білмейді» дейді емес пе? Сіз бүгін біреудің баласын сынайсыз, ертең сіздің балаңыз немесе немерелеріңіз қалай болатынын білесіз бе? Сіз бүгін біреудің жанұясын, жарын, балаларымен қарым-қатынасын сынайсыз, ертең сізге не болатынын білесіз бе? Біз ертең не боларын қалай білеміз? Ібіліске «Сәжде ет!» әмірі келгенге дейін, Аллаға  мойынсұнған тақуалардан болмады ма?

Ендеше, Раббымызға қол жайып дұға тілегімізде, өзімізге және барша мүміндерге амандық тілеу керек. Өйткені тәнге саулық, жанға тыныштық, дүние-мүлік пен балаға амандық, өмірде баршамыздың бағыт-бағдарымыз. Раббымыз баршамызды жақсылықтан, сауапты амалдан айырмасын. Өзгенің сынағын өзімізге беруден сақтасын.

Исатай БЕРДАЛИЕВ

Тегтер: басты тақырыпҒибратИсатай Бердалиевсынақ
Бөлісу2Твитерге1Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Саудияға барған еуропалық футболшылар исламды қабылдауда
Жаңалықтар

Саудияға барған еуропалық футболшылар исламды қабылдауда

22.09.2023
Ғибратты әңгімелер

Ең қауіпті және қорқынышты жаратылыс

21.09.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Хазіреті Османның Құраны сақталған ба?

Хазіреті Османның Құраны сақталған ба?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    1492 рет бөліскен
    Бөлісу 597 Твитерге 373
  • Исламның 5 парызы – Ибраһимнің (а.с.) 5 қазынасы

    7508 рет бөліскен
    Бөлісу 3003 Твитерге 1877
  • Духа намазы қалай оқылады?

    2157 рет бөліскен
    Бөлісу 862 Твитерге 539
  • Дұрыс дұға жасау әдебі

    4960 рет бөліскен
    Бөлісу 1982 Твитерге 1239
  • «Хикмет» cөзінің мағынасы қандай?

    795 рет бөліскен
    Бөлісу 318 Твитерге 199

Соңғы жарияланымдар

Шымкентте жаңа мешіт ашылды

22.09.2023
0
Шымкентте жаңа мешіт ашылды

Толығырақ оқу

Иран парламенті хиджаб кимегендерді жұмыстан қууы мүмкін

22.09.2023
0
Иранда әйелдер футбол стадионына баруға рұқсат алды

Толығырақ оқу

Алматы облысында «Үлкенге құрмет – кішіге ізет» тақырыбында семинар өтті

22.09.2023
0
Алматы облысында «Үлкенге құрмет – кішіге ізет» тақырыбында семинар өтті

Толығырақ оқу
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

 

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Сауалнама
    • Кітапхана
  • Жоба туралы
  • ҚАЗ
    • ҚАЗ
    • РУС

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіге кіріңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы аты немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00