“Адай ата-Отпан тау” тарихи – мәдени кешенінде бірлік алауын жағу рәсімі өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев барлық маңғыстаулықтарды айтулы мерекемен құттықтап, келісіммен мен бірлікке, Отанға деген махаббатқа үндейтін “бірлік отының” мән мағынасын атап өтті.