«Таблиғи жамағат» атты керітартпа ағымның жетегіне еріп, отбасының алдындағы отағасылық жауапкершілігін ұмытқан жұбайдан зәрезап көрген әйелдің хикаясы кім-кімді де ойландырады. Отбасын қаражатпен қамтамасыз етпей, бала-шағасын аш қалдырып, өзі дағуат жасаймын деген желеумен 3-4 ай бойы үйіне ат ізін салмай кетеді екен. Күйеуінің надандығынан қажыған Бахар теологтардан кеңес алып, өз құқығы үшін күреспек ниетте.