Күндердің күнінде екі үй қатарлас көрші болады. Оның бірінде күнде жанжал, ұрыс-керіс толастамайды. Ал, екінші үйде үнемі тыныштық, татулық болады екен.
Дәл осылай ұзақ уақыт жалғасады. Мұны сезген бірінші үйдің отағасы татулықтың сырын білейін деп, әйеліне айтып жасырынып екінші үйдің жағдайын бақылауға шығады. Терезе алдына келіп біршама уақыт тұрады. Сөйтсе ол үйдің әйелі асханада, күйеуі жұмысын жасап әркім өз-өзімен отырады. Кенет телефон шалып күйеуі орнынан тұра бергенде су құйылған шыныны түртіп сындырып алады. Тізелеп отыра қалып, жинауға кіріседі. Мұны естіген әйелі де дереу келіп, күйеуінен кешірім сұрап, өзінің кінәлі екенін айтады. Күйеуі де өз-өзін кінәлап, абайсызда ерсі қимылдаудың салдарынан болғанын айтып, нәтижесінде бір-бірін құшақтап, әркім өз жұмысына қайта оралады. Мұны сырттай бақылап тұрған көрші үйіне қайтады. Сонда әйелі одан:
– Не болды? Олар неге ұрыспайды екен? Татулықтың сырын біле алдың ба? – дейді. Сонда күйеуі:
– Иә, білдім. Олар қандай жағдай болса да өз-өздерін кінәлап, кешірім сұрайды екен, ал біз бір-бірімізді кінәлап, ақталуға тырысамыз да кешірім сұрауды білмейміз, деген екен.
Жалғас АСХАТҰЛЫ,
дінтанушы