Тек біздің дінімізде ғана емес, бүкіл адамзат құндылығында Отан үлкен мәнге ие. Алматы қаласындағы «Төле би» мешітінің бас имамы Еркінбек Шоқайдың айтуынша, біз пайғамбарымыздың (с.ғ.ғ.) өмірінен туып-өскен жерді қадірлеу, оны сүю, ол жерде қауіпсіздік болуын қалау, оны қорғау тұрғысынан көп өнеге аламыз. «Отанымыз – бізге берілген аманат. Сол аманатқа қиянат жасамай, тәуелсіз Қазақстанымызды келесі буынға, кейінгі ұрпаққа аман-есен тапсыруға міндеттіміз» дейді ол.