ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі сауат ашу курсының шәкірттеріне сапалы білім берумен қатар оларды қолдап, ынталандыру мәселесінне аса назар аударып отыр.
Осыған орай Өскемен қалалық «Кунта қажы» мешітінде игі іс-шара ұйымдастырылды. Карантин талаптарын сақтай отырып өткен Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Дәулет Қабидолдин, іс басқарушы Берік Кәдіров арнайы қатысты.
Наиб имам Дәулет Тілеуханұлы ата-аналар мен оқушылар алданда сөз сөйлеп, игі істің маңызына тоқталды.
Сондай-ақ аталған мешітте тәлім алып жүрген белсенді шәкірттерге сыйлықтар табыс етілді.
«Мешітіміздегі сауат ашу сабақтарына белсенді қатысып, әр сабақты ынталы жаттап жүрген, әдепті, иманды, білімге құмар шәкірттергді марапаттау мақсатында осы шараны әдейі ұйымдастырып отырмыз. Балаларға қуаныш сыйлаудың өзі шынайы бақыт. Асыл дінімізде Құран жаттауға, білімге құмар болуға аса маңыз берілген» дейді «Кунта қажы» мешітінің наиб имамы Шодихан Хидиров.
Жаңа оқу жылы қарсаңында мешітте өткен бұл іс-шара балалар шынайы қуаныш сыйлады. Сыйлыққа ие болған балалардың ата-аналары ұйымдастырушы дін қызметкерлеріне алғыс айтты.