Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің мәжіліс залында өңір имамдарының жылдық қорытынды жиналысы өтті.
Басқосуға өкілдікке қарасты қала, аудан имамдары қатысты. Алқалы жиында биыл атқарылыған шаралар мен алдағы міндеттер талқыланды.
ШҚО бас имамы Ермек Қасболатұлы: «ҚМДБ биылғы жылды «Ислам-ынтымақ және бірлік діні» жылы деп жариялағаны белгілі. Осыған байланысты облыста бірқатар рухани-мәдени шаралар жоспар аясында атқарылды. Асыл дініміздің басты құндылықтарының бірі – ынтымақ пен бірлік. Біз халыққа, жамағатқа береке-бірлікті барынша насихаттауымыз керек» дей келе, атқарылған ауқымды шараларға тоқталды.
Бас имам жиналыста ихсан ілімін дамыту, қоғамның мейірімділігін таныту мақсатында әр аудан, ауыл имамдарына қайырымдылық жасау, діни сауат ашу курстарының жұмыстарын үйлестіру қатарлы маңызды міндеттерді түсіндіріп өтті. Аудан, қала мешіттері бойынша осы салаларда жасалған іс шараларды ерекше атап өтті.
Жиналыста сонымен қатар аудан және қала имамдарына өкілдіктің алғыс хаты табыс етілді. Басқосуда имамдарға нақты міндеттер жүктелді.