Сізге көп рахмет сұрағыңыз орынды. Қоғамдағы осындай құбылыстарды әрбір адам сіз секілді байқап отырса біздің ата бабамыздан мирас болған дінге ешкім қара күйе жаға алмас еді.
Дін құбылсы күрделі әрі нәзік нәрсе оған әр азамат байқап, елеп, екшеп, әрбір ой-пікірін ой елегінен өткізіп барып айтпаса әрине ол ел арасына бүлік салушы болады. Қазіргі уақытта дін елімізде ушығып тұрған өзекті мәселе болғандықтан әрбір пікіріміз, ойымыз қоғамға іріткі туындатпай керісінше бірлікке, ынтымаққа шақыратындай сипатта болуы керек. Ардақты Хз. Пайғамбарымыз қоғамды жақсылық қолынан келмейтіндерге жамандық та жасамауды бұйырған. Дініміз исламды оған қызмет етіп отырған имамдарымызды осылай десе ол пікір емес жала болады. Бір мұсылманға нақақтан жала жабу Ислам дініде үлкен күнәға жатады. Бұл туралы Аллаһ Құранда: «Жалған сөйлегендер мен жала жабушылар Аллаһтың аятына иман келтірмегендер. Олар жалғаншылар»,-десе, (Нахл сүресі 105) хз. Пайғамбарымыз хадисінде: «Кімде-кім бір мұсылманның жасамаған ісін жасады деп жала жапса, Аллах оны кешіргенге дейін тамұқта азаптайды»,-деген. Сондықтан әрбір өзін мұсылман санаған адам көзір көрмеген істі жасады деп жала жабып, күнәһар болудан сақтанғаны жөн. Жазықсыз адамға жала жабу шынайы мұсылманның ісі емес.