Сұрақ: Оразада сәресі ішу қажет пе?
Жауап: Ораза күндері белгіленген уақытқа құрылған кесте бойынша сәресін ішуге, ұйқыны қиып уақтылы ауыз бекітуге дағдылану керек. Сәресін ішу мен ауыз бекіту де міндетті түрде арнайы кестені пайдаланған дұрыс. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Сәресін ішіңіздер, өйткені сәресіде береке бар», – деген (Әнас ибн Маликтен имам Бұхари және имам Мүслим риуаят қылған).
Сәрілікте адам шама-шарқына қарай тамақтанып оразасын тек Алла разылығы үшін тұтып сабыр етсе, оразаны баға жетпес ғибадат деп білсе тұтқан оразасы жеңіл болады. Сәрілік ішіп болған соң, таң намазына бір шама уақыт қалғанда мына дұғаны айтып ауыз бекітеді:
«Науайту ән асума фи шәһри рамадан минәл фәджри иләл мағриб халисәл лилләһи Тағала»
Мағынасы: «Рамазан айында тек Алла үшін таңертеңнен кешке шейін ауыз бекітуге ниет еттім».
Егер сіздерден біріңіз бүгінгі сәрілікке кешігіп, іше алмай қалған жағдайда тамақ ішпестен сол куннің оразасына ниет қылады.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ